25 шілдеде Астананың қай аудандарында ауыз су болмайды?

/uploads/thumbnail/20170724170922268_small.jpg

Сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін су құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты елорданың кейбір аудандарында ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бейсеков көшесі 14, 11/2, 11/4, 14/2 номерлі үйлерде, Громов және Изобильный көшелерінің қиылысы бойында орналасқан үйлерде ауыз су беру тоқтатылады.

Сондай-ақ №16 орта мектебінде, №1 өнер мектебінде, «СМЭУ Астана» ЖШС-де, Бейсекбаев көшесінде орналасқан №13 үйінде, Абай даңғылы бойындағы №72 үйінде ауыз су тоқтатылады.

Абылай хан 23, 25/1, 25/2 даңғылы, Жансүгіров 4/1 көшесі, №32 мектеп-гимназиясында ауыз су беру тоқтатылады. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар