«Серпін» жобасы бойынша ЖОО-ға құжат қабылдау басталды

/uploads/thumbnail/20170724172436034_small.jpg

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба 2014 жылдан бері жүзеге асып келеді. Мақсаты – оңтүстік өңірдегі жастардың Батыс пен Солтүстік Қазақстанда білім алуына жағдай жасау. Сол арқылы жас қыз-жігіттерді индустрияға тартып, еліміздің өзге өңірлерін өркендетуге жұмылдыру. Мемлекет аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы 3793 грант бөлді. Оның тең жартысы техникалық мамандықтарға бағытталса, қалғаны педагогика мен ауыл шаруашылығы саласына арналған. Құжаттар еліміздің батысы мен солтүстігінде және шығысында орналасқан 24 жоғары оқу орнында қабылданып жатыр. Өткен жылы аталған жоба бойынша Алматы облысынан мыңнан астам құжат қабылданып, үміткерлердің басым бөлігі оқуға түсті. Олар қазір еліміздің батысы мен солтүстігіндегі колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар