Польша президенті Анджей Дуда сот реформасы жөнінде заңнамаға тыйым салмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Польша президентінің твиттердегі парақшасына сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі хабарлайды.
Сот жүйесінің бақылау өкілеттіліктерін басқаруға мүмкіндік беретін заңнаманың қабылдануына қарсы наразылық Польшада сегізінші күн жалғасып келеді.
Варшавада «Біз ветоны қалаймыз», «Еркін сот», «Еркіндік,теңдік, демократия», «Еркін Польша» деген жазулары бар плакаттар ұстаған шерушілер 23 шілде күні президент сарайының алдына жиналды. Наразылық шеруіне қатысқандар парламент қабылдаған заңға қарысылық танытып отыр.
Заңға қарсы митингілер Краков, Вроцлав және Польшаның өзге де қалаларында өтті. Сондай-ақ Париж, Брюссель, Лондон қалаларында да кішігірім митингілер өткені мәлім болды.
Нәтижесінде Польша президенті заңның әділеттілігін нығайтпайтынын айтып, вето қоятынын жеткізді.
Пікір қалдыру