Қытайдағы Юньань провинциясында толассыз жауған жаңбыр мен соның салдарынан болған су тасқыны 10 адамның қазасына себеп болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
CCTV арнасының мәліметінше, 1,2 мың тұрғынды дереу эвакуациялаған.
Провинцияның 45 уезінде жауған жаңбыр 19 шілдеден басталған. Кейбір аудандарда сел жүріп, кей жерлерінде күшті су тасқындарына ұласты.
Табиғи апаттың зардабын 223 мың адам тартты, 200-ге жуық ғимарат қирады. Экономикалық шығын 270 миллион юаньға дейін жетті (40 млн. доллар).
Пікір қалдыру