Nate D. Sanders Auctions аукцион үйі АҚШ президенті Дональд Трамптың салған суретін сатылымға қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме жасап.
Аталмыш суретті Дональд Трамп 2005 жылы қайырымдылық іс-шарасында салған екен. Суретте Нью-Йорк қаласы бейнеленіп, композиция ортасында Трамп Тауэр ғимараты орналасқан. Сонымен бірге суретте АҚШ президентінің қолы бар. Аукциондағы суреттің бастапқы бағасы 9000 АҚШ доллары. Сатылым 27 шілде күні өтеді.
Пікір қалдыру