Мессенджер арқылы «Шешенстан президентіне тіл тигізген» 10 азамат ұсталды

/uploads/thumbnail/20170725102909023_small.jpg

Шешенстанда мессенджер арқылы сөйлескен 10 адам ұсталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Олар полицей бөлімшемінде отыр. Дәл не себепті ұсталғандары жайында деректер әлі де шықпаған. Алайда жергілікті «Кавказ.Реали» сайтының хабарлауынша, жас жігіттердің бір-бірімен аудио және видео хабарлама алмасу арқылы Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа, сондай-ақ өзге де шенеуніктерге тіл тигізген деп айыпталған деген болжамдар келтірілді.

Сайт ұсталған екі азаматтың фамилиясын анықтады. Олар Веденск ауданындағы Тевзан ауылының тұрғындары – Висигиров пен Абуев.   

Шешенстанда мұндай жағдайлар бұрын да болғанын айта кетейік. Азаттықтың мәліметіне сүйенсек, былтыр Шешенстан тұрғыны республикадағы коррупция мәселесін айтып, Ресей президенті Владимир Путинге шағымданған. Кейін оның үйін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Джалалидинов елден кетіп қалған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар