АҚШ-тың Висконсин штатында орналасқан Three Square Market компаниясы өзінің 50 қызметкерінің терісіне микрочиптер енгізетінін хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Мұндай шаралар қызметкерлердің фирманың электронды техникасына оңай қосылып, жеңіл қолдану үшін жасалмақ. Негізінен, микрочиптер компьютерлерге қосылып, кеңсе техникасын қолдануға мүмкіндік береді. 300 мың доллар тұратын құрылғылар компания қызметкерлеріне тегін салынбақ.
Компанияның мәліметінше, бұл жобаға қатысуға қызметкерлер өз еріктерімен келісімін берген.
Пікір қалдыру