Қостанай облысында қызды қағып кеткен жүргізуші оны өлтірмек болған

/uploads/thumbnail/20170725152001652_small.jpg

Қостанайдағы Затобольск ауылында қызды екі рет қағып кеткен "Газель" жүргізушісі сол кезде мас күйде болған. Сондай-ақ, оның бұл әрекеті адам өлтіруге оқталу дерегі ретінде тергеліп жатыр, - деп хабарлайды  Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді. Жол-көлік оқиғасы болмастан бұрын "Газель" жүргізушісі мен қыздың арасында жанжал болған. "16 шілдеде Затобольск ауылында мас ер адам "Қызылдаш" кафесінде бұзақылық жасап, екі қызды ұрып жіберген. 15 минуттан соң күдікті кафе маңында орналасқан автотұраққа барып, қыздарды күтіп отырған. Содан қыздардың бірі шыққанда ол оны қасақана қағып кеткен. Нәтижесінде зардап шеккен қыз дене жарақатын алып қалды", - деді прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері бұл деректің адам өлтіруге оқталу дерегі ретінде тергеліп жатқанын айтып өтті. Қостанай облысының прокуратурасы осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қатысты Мақалалар