"Бірінші қаңтар", "Новый год" деп жылы қарсы алғанымызбен «төтенше, суық» жайлардың дәл осы күні орын алатыны белгілі. Отқа күйетініне көзі жетсе де көбелектің көзсіз ерлігін қайталауда қазақтың алдына ТМД-да ешкімның дәті барып түсе қоймас.
Дәл сол күні тонау, ұрлық, зорлық т,б. айтар ауызға ауырлық қылатын қылмыстың құйтырқы түрлері «іске қосылады». Дәл осы «айтулы күнге» бүкіл қазақ қазірден бастап қамданып кетті. Алматының абаттанған көшелеріндегі брендтік дүкендер мен кофеханалар менмұндалап безеніп тұр.
Есте болса,оған дейінде атаусыз қалдыруға,құттықтауды «қаза» қылуға болмайтын мерекеміз бар еді ғой? Тәуелсіздік мейрамы! Атай көрмеңіз. Орыс мерекесінің қазақ ортасындағы насихатына мейрам алды жасалар түрлі жеңілдіктер мен жарнамалар жұмыс істейді. Жаңа жылдық купон т,б. қаптаған жеңілдіктен Аяз атаның қапшығын толтыруға болғандай. Байланыс құралдарына дейін жаңа жылдық арнайы тарифтерін шығарып әлек. Оған дерек, малақайын баса киген мына жарнамашылар.
Бұның бәрі бір ғана мейрамның аясында ұсынылып отырған жеңілдіктер. Сіз "Тәуелсіздік тарифі" дегенді естіп көрдіңіз бе? Немесе сол күні байланыс құралдарына жеңілдік жасағаны туралы « Тәуелсіздік » мейрамына қарсы желі ішінде 300 смс, 45 минут қоңырау, 200 мбайт тегін деген хабарлама келді ме қалтафоныңызға? Келмейді, әуре болмаңыз. Жарнаманың жүзін жасасын, бірақ, жарнамасын жасауға жағдай тудырып отырған елдің тарихына, ұлттық құндылығына неге сыйластықпен қарамайды? 16-желтоқсаннан әрі насихаттаса сол тарифі өтпей қалмайды емес.
Одан кейін халықта Тәуелсіздік күніне қайдан құлшыныс болсын?
Орынбасар Бақтыбеков
