Теміртаудың жетпісінші кварталында бұрын саябақ болған жер қоқыс мекеніне айналған. Дәл қаланың орталығында күніне жүздеген адам өтетін орын тұрмыстық қоқыстар мен қаптарға толған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл территорияның өзінің жеке меншік иесі бар екендігі анықталған.
Теміртау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің жетекшісінің айтуы бойынша жер қатынастары бөлімшесінің қарауындағы мәселе болса, айыппұлды солар белгілейді.
Алайда қазіргі уақытқа дейін үлкен саябақ, демалыс орны болған қаланың орталығында орналасқан аумақтың меншік иесі жауапқа тартылған жоқ.
Пікір қалдыру