Астанада автобустарда электрондық төлеу жүйесінің IV-кезеңі іске асырылады

/uploads/thumbnail/20170727175659906_small.jpg

2017 жыл 27 шілдеде 15.00 сағатта Астана қаласының әкімдігінде Астана қ. қала маңы автобустық тасымалдарда жолақысын электрондық төлеу жүйесін (ЖЭТЖ) енгізудің IV-кезеңін іске асыру және қалалық жолаушылар көлігінің жүру схемасын өзгерту жөніндегі мәселелер бойынша баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Астана қаласы Жоллаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС диспетчерлеу орталығының басшысы Бауыржан Сеитов, Астана LRT» ЖШС төлем жүйелері орталығының басшысы Сергей Попов және «Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы Әбдіхамит Тамабаев қатысты.

Астана қаласының көлік жүйесін жаңарту шеңберінде ағымдағы жылдың 29 шілдесінен бастап Астана қ. қала маңы автобустық бағдарларда жолақысын электрондық төлеу жүйесін (ЖЭТЖ) енгізудің IV-кезеңін іске асыруды бастайды. Бұл қала маңы елді мекендерінің тұрғындарына қолма-қол төлемнің алдында бірқатар басымдылықтары бар Astra көлік картасын пайдалануға мүмкіндік береді.

  • ASTRA көлік картасының құны – 400 теңге
  • 10 сапарды жүктегенде, 11-ші сапар тегін
  • Көлік картасы 60 минут ішінде қалалық не экспресс автобусқа тегін қайта мінуге құқық береді, мұнда жолаушы қалаға келгеннен кейін шығарда көлік картасын валидациядан өткізсе, электрондық төлем жүйесі жұмыс істейді.

ASTRA көлік карталарынан басқа, қала автобустық қатынаста жолақысын төлеу үшін жолақысын қолма-қол төлеу, 9500 теңге тұратын ай сайынғы жол билеті (қағаз) – бұрынғы төлем түрлері сақталатын болады.

Қала маңы автобустарында жолаушының кіруі міндетті валидациямен және билет сатып алумен алдыңғы есік арқылы ғана жүзеге асады.

Қала маңы бағдарларында валидациялау кезінде әрекеттердің келесі алгоритімін орындау қажет:

  • Қала маңы автобусына кіргенде жолаушылар электрондық көлік картасын валидаторға жақындату қажет. Сапар құны ASTRA көлік картасынан тарифтік аймаққа сәйкес шешіледі.
  • Қала маңы автобусымен қалаға келген соң, жолаушы 60 минут ішінде қалалық не экспресс-бағдарға қайта мінсе, онда ол қала маңы автобусынан шығарда картаны валидаторға жақындатуы керек.
  • Егер жолаушы қалалық не экспресс-бағдарға қайта мінуді жоспарламаса, онда ол қала маңы автобусынан шығарда картаны валидаторға жақындатуы керек емес.
  • Қаладан қала маңына келгенде автобустан шығарда картаны валидациядан өткізу қажет емес.
  • Жолаушы қала маңы автобусынан қалалық не экспресс-бағдарға бір сағат ішінде тегін жүре алады. Кері тәртіпте тегін қайта міну мүмкін емес.

Жолақысын электрондық төлеу жүйесін енгізудің бірінші кезеңі 2016 жылғы 30 шілдеде басталғанын еске саламыз. Соның шеңберінде  қала маңы тасымалдарын пайдаланатын жолаушылардың ыңғайлығы сапар құнын орта шамамен 50 теңгеге, кейбір жағдайда 100 теңгеге (Аршалы-Астана) және 120 теңгеге дейін (Бабатай-Астана) қысқартуға мүмкіндік берген көлік аймақтары енгізілген.

Қала маңы автобустарын электрондық төлемдер жүйесіне қосусыз тарифтік аймақтарды бөлу тұрғындарға тарифтік аймақ құнына үйренуге, төлем жүйесін түсінуге және электрондық төлемдерге жеңіл өтуге мүмкіндік берді.

Қала маңы қатынасы жолақысының құны Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 Қаулысымен бекітілген және мынаны құрайды:

  • жолаушылар мен багажды қалалық автобуспен тасымалдауға – 90 (тоқсан) теңге;
  • жолаушылар мен багажды экспресс автобуспен тасымалдауға – 150 (жүз елу) теңге;

             жолаушылар мен багажды қала маңы қатынаста тасымалдау тарифтері:

  • - 1-көлік аймағы – 90 теңге;
  • - 2-көлік аймағы – 200 теңге;

-3 көлік аймағы – 300 теңге;

- 4 көлік аймағы – 400 теңге.  (№ 1-қосымша)

Қызмет көрсету сапасын жоғарылату, жолаушыларға белгілі бір жерге тез әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік беретін оңтайлы бағдар желісін құру үшін «Астана LRT» ЖШС тұрақты негізде күшті және әлсіз жақтарын шығара отырып, қоғамдық көліктің жұмысын мониторингтейді және талдайды. Осы талдау нәтижелері жолаушы көлігінің даму бағыттарын және бағдар желісін жаңарту тұжырымын есепке алып, Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасына қалалық жолаушылар көлігінің жүру схемасын өзгерту немесе бағдарларды жою бойынша соңғы шешім қабылдау үшін жолданады.

Астана қаласының көлік жүйесін жаңарту шеңберінде ағымдағы жылдың 22 және 29 шілдесі аралығында кейбір қалалық жолаушылар автобусының жүру схемасы өзгеретін болады (№2-қосымша). Бұл шара жолаушылар ағынының өсуімен және жаңа қалалық объектілерді, соның ішінде тұрғын үй алаптарын пайдалануға енгізумен шартталады.

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде «Алай-Astra» СО» - «Астана-Нұрлы жол» т/ж вокзалы» арасында қатынайтын, осы бағдардың жүру аралығы 35 минутты құрайтын № 201 түнгі-экспресс бағдар енгізілді, ол 22:08-ден 07:10 сағатқа дейін жұмыс істейді.

Мына бағдарлардың схемасы өзгертілді:

  • «Көктал -2» т/а қызмет көрсетуге арналған № 501, «Сарыарқа даңғ.», Сарыарқа даңғ. бойындағы «Хабар» агенттігі» жанында адамдар жаппай жиналатын аялдамаларға қызмет көрсетуге арналған № 502, «Комфорт Таун» ТҮ» қызмет көрсетуге арналған № 503 «Shuttle-Bus» бағдарларының жүру схемасын өзгерту;
  • Вильяма Шекспир көшесі мен А207 көшесіне қызмет көрсету үшін № 64 бағдарының жүру схемасын өзгерту (Индустриалдық парк аймағы);

2017 жыл 24 шілдеден бастап №№ 8, 10, 15, 24, 37, 303, 304 бағдарларындағы автобустардың саны өсті, сондай-ақ 2017 жылғы 31 шілдеден бастап №№ 5, 12, 17, 21, 40, 46, 50, 51, 500, 504, 506 автобустарының кестесі күшейтілетін болады. Бұл бәріне мәлім қалалық бағдарларының жүру аралығын қысқартуға, жүру кестесін ұстануға, жолаушылар айналымын ұлғайтуға және қоғамдық көлікті жолаушылар үшін анағұрлым тартымды етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде А. Байтұрсынов көшесі мен «Промышленный» т/а  көлік қызметін көрсету үшін № 50 бағдарының жүру схемасы «Астана-Нұрлы жол» т/ж вокзалынан «Промышленный» т/а дейін ұзартылатын болады.

Сонымен қатар Астана қ. қала маңы аймағын оңтайлаумен және қала маңы бағдарларына ЖЭТЖ енгізумен байланысты «Жібек жол ауылы» соңғы пунктінен «Астана-Нұрлы жол» т/ж вокзалына» өзгертумен № 105 экспресс-бағдарының жүру схемасы өзгереді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар