Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Мәскеу Американың өзіне қарсы ұйымдастырылып жатқан санкцияларына сабырлық танытып келді, алайда «шыдамның да шегі бар».
Оның сөздеріне қарағанда, Мәскеу аталмыш заңнама нақты қабылдаған соң өзінің жауабын міндетті түрде береді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өткен бейсенбіде Ақ үйдің коммуникация жөніндегі департамент жетекшісі Энтони Скарамуччи президент Дональд Трамптың заңнамаға вето қоюы мүмкін екенін айтқан. Алайда оның түбінде Ресейге қарсы одан да сорақы шаралардың жүргізілетінін ескертті.
Бұдан бұрын ресейлік «Коммерсант» басылымы заңнама қабылданған жағдайда аталмыш мәселеге өз болжамдарын жасап көрді. Басылымның мәлімдеуінше, заң мақұлданса, Мәскеу 35 америкалық дипломатты босатады, сондай-ақ АҚШ-тың Ресейдегі елшілерінің санын қысқартады.
2016 жылдың желтоқсанында Америка билігі 35 ресейлік дипломатты жіберіп, Нью-Йорк пен Мэрилендегі екі елшілікті жапқан болатын. Оның себебі, Ресейдің Америкадағы сайлауға араласуы мен америкалық дипломаттарға қысым жасауы.
Пікір қалдыру