Оралдағы ХҚКО-да қызмет түрлері көбеймек

/uploads/thumbnail/20170728102345492_small.jpg

Оралдағы халыққа қызмет көрсету орталығында жыл басынан бері 750 мыңдай қызмет көрсетілген. Мұнда жалпы реестрдегі 700-ден астам мемлекеттік қызметтің 542 түріне жүгінуге болады. Мақсат – жыл соңына дейін баламасыз негізде ұсынылатын қызмет түрін 85%-ға ұлғайту, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысы өңірде де оң нәтижелер көрсете бастады. Азаматтық хал актілерін тіркеу мен жылжымайтын мүлікті құжаттау мерзімі едәуір қысқарған. Сала мамандары мұның барлығы халықтың уақытын үнемдеу үшін жүзеге асырылып отырғандығын айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар