Қазақстан мен Мысыр министрлері құрықталған қазақстандықтарды талқылады

/uploads/thumbnail/20170728103533839_small.jpg

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телефон арқылы сұхбат 27 шілденің кешінде Қазақстан тарапының бастамасы бойынша жүргізілді.

«Қазақстан мысырлық биліктен жас азаматтардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр», деді Қайрат Әбдірахманов. Ұстап алынғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Сондай-ақ, министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың даму барысын талқылады.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар