Астанада үш жастағы бала 6-қабаттың терезесінен құлап кетті

/uploads/thumbnail/20170728154912152_small.jpg

Астанада үш жастағы бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оқиғаның 27 шілдеде сағат кешкі 18.00 шамасында "Сарыарқа" ауданындағы Күмісбеков көшесінде орналасқан үйде болған.

"Ата-анасының қарауынсыз қалған бала алтыншы қабаттағы үйдің терезесінен құлап кеткен. Нәтижесінде 2014 жылғы бала қаза тапты", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

ТЖК өкілдері жазғы уақытта терезе ашық тұратындығын,  ата-аналарға балаларына сақ болуы керектігін айтып, ескертіп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар