Б.Сағынтаев Қарағандыдағы нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауытқа барды

/uploads/thumbnail/20170728163423235_small.jpg

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорнына барды, онда нан-тоқаш өнімдері өндірісінің технологиялық ерекшеліктері мен инновациялық шешімдерімен танысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нан пісіріп шығаратын зауыттың бас директоры Айгүл Бүрленова өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның келешектегі жоспарлары туралы айтып берді.

Өндіріс орны ұнды ыдыссыз сақтау орны, су өңдейтін бөлмесі, кондитерлік цех пен қалыпты нан пісірілетін туннельдік пеші бар кешеннен тұрады.

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаевқа зауыт шығаратын нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі көрсетілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар