Үкімет басшысы Наваз Шариф сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеудің салдарынан биліктен аластатылған соң отставкаға шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Премьердің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұдан бұрын жемқорлыққа қарсы тергеу барысында Пәкістан Жоғарғы соты Шарифті биліктен аластатқаны хабарланған.
Баспасөз қызметінде хабарланғандай, Шариф сот процесіндегі қатаң ескертулерге қарамастан, отставкаға шыққан.
2016 жылдың сәуірінде жарияланған Mossack Fonseca заң фирмасының құжаттарында премьер-министр Наваз Шарифтің екі ұлы мен қызы британиялық Виргин аралындағы үш ірі компанияны басқаратыны жазылған.
Сәуірде Жоғарғы соттың 5 судьясының үшеуі аталмыш іс бойынша арнайы тергеу жұмыстарын жүргізуге ниет еткен. Алдыңғы аптада үш судьядан тұратын комиссия 10 томдық баяндаманы қарап шықты.
Шарифті биліктен аластату жөнінде шешім бірауыздан қабылданған. Сот премьерге қарсы қылмыстық іс қозғауды тапсырды.
Пікір қалдыру