29-30 шілдеде Астанада кейбір көшелерде жол жабылады

/uploads/thumbnail/20170728173829499_small.jpg

Триатлон бойынша турнирді өткізу кезінде қалада көлік қозғалысы үшін жол жабылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Келесі көшелерде жол жабылады: Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін Б. Момышұлы даңғылы, Б. Момышұлы көшесінен М-1 көпіріне дейін Сарайшық көшесі, М-1 көпірінен Г. Алиев көшесіне дейін Шалқыма көшесі жабылады.

Қоғамдық көлік жол-жөнекей жүреді.

Керей Жәнібек көшесі – Оңтүстік айналма жол қиылысы ішінара жабылады.

Керей Жәнібек хандары көшесінен Оңтүстік айналма жол қиылысына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.  

Оңтүстік айналма тас жолы бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Қарағанды тас жолына дейін жолдың бір жолағы жабылады, дегенмен екінші жолақ бойынша екі бағыт бойынша да жол қозғалысы ұйымдастырылады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар