1 тамызда Астананың кейбір аудандарында ауыз су беру тоқтатылады

/uploads/thumbnail/20170731155838197_small.jpg

Қаланың су құбырларында жоспарлы және апатты жұмыстарды жүргізуге байланысты елорданың кейбір аудандарында су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін 1 тамыз күні Шарбақты көшесі бойынша Промышленный тұрғын алабында су беру тоқтатылады. Шалкөде көшесі 1, 2, 2/1, 3, 4, 6, 8, 9, 9а, 10 үйлерінде, сондай-ақ Шарбақты, Игишев, Бастөбе, Марков және Жігер көшелері бойынша жеке секторларда ауыз су беру тоқтатылады. №13 және №57 мектептер ауыз сусыз қалады.

 Сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін 1 тамызда Республика даңғылы, 38,40, Жангелдин көшесінде, 40, Торайғыров 8, 8/1 көшесінде ауыз су беру тоқтатылады. №80 «Ботақан» бақшасында, Жангелдин көшесі 23, Республика даңғылы 42 бойынша тұрғын емес нысандарда ауыз су беру тоқтатылады.

Сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Қарасай батыр бойынша 20, 22, 22/1, 26/2 үйлерде және Шынтас қиылысындағы 2/1, 1а, 6, 8, 21 үйлерде ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар