Үндістанда найзағай түсіп, 14 адам қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170731171442822_small.jpg

Үндістанның Орисса штатында найзағай түсіп, 14 адам көз жұмды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп. Тағы 3 адам жарақат алды. Орисса штатының солтүстік-шығыс аймағына да найзағай түскен. Зардап шеккендердің басым бөлігі Бхадрак округінің тұрғындары.

Айта кетсек, жыл сайын Үндістанда найзағай түсу салдарынан 100-ге тарта адам көз жұмады. Жыл басынан бері 80-нен аса адам табиғи апат салдарынан қайтыс болды.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар