Сот «Қазақстан халық банкінің» Атырау облыстық филиалы Индер аудандық басқармасының бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Тергеу барысында басқарма басшысы кредит беру туралы мәселенің оң шешілуі үшін бірнеше мәрте ақшалай пара алып келгені анықталды», - делінген хабарламада.
Индер аудандық соты банк басқармасының басшысын ҚК-нің 253-бабы 5-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Пікір қалдыру