АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің байланыс директоры финансист Энтони Скарамуччиді орнынан алып тастады. Ол директорлық орнында небәрі 10 күн отырған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
"Трамп әкімшілігінде қазіргі уақытта Энтони Скарамуччи ешқандай лауазымда емес",-деп хабарлады АҚШ әкімшілігінің баспасөз хатшысы.
Алдыңғы аптада Трамптың баспасөз хатшысы Шон Спайсер орнынан босап, Ақ үй аппарат басшысы Райнс Прибас жұмыстан кетті. Сол кезде Ақ үйдің коммуникациялар директоры болып Энтони Скарамуччи тағайындалған болатын.
Кейінірек Скарамуччи «аузына ие бола алмағанын» айтып, журналистерге ендігәрі сенбейтіндігін жеткізді.
Пікір қалдыру