Ресей Қырғызстанға екі әскери-көлік ұшағын табыстамақ

/uploads/thumbnail/20170801133930910_small.jpg

Ресей Қырғызстан Қарулы күштеріне екі Ан-26 әскери ұшағын береді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Табыстау рәсімі 10 тамыз күні ресейлік «Кант» әуе базасында болмақ. Бұл туралы Қырғызстан Қарулы күштерінің бас штабы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, Ресей Қырғызстанға ұшақтарды әскери-техникалық көмек шеңберінде бермек. Ұсынылмақ көмектің қаражаты бас штабта айтылмады. РИА Новости қызметінің мәліметіне сәйкес, Ресей Қырғызстанға брондалған техникаларды, атыс қаруының түрлі типтері мен артиллериялық жүйелердің қосалқы бөлшектерін тегін табыстаған.

Ан-26 кеңестік әскери ұшағы – бастапқы Ан-24 моделінің модификациясы. Ұшақ екі турбовинтті және бір қосымша рекативті қозғалтқыштармен жабдықталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар