Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

/uploads/thumbnail/20170801150604984_small.jpg

Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 31 шілдеде өткен бірінші отырыстың барысында бірауыздан тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі банк баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің жаңа құрамы банк акционерлерінің 31 шілдедегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен сайланған болатын. Арман Дунаевпен бірге банктің басқару органына Сәуле Кішкімбаева, бас акционердің өкілі – Әлия Қарпыкова, тәуелсіз директорлар – Азамат Жолдасбеков пен Асқар Елемесов, сондай-ақ ҚКБ-ның басқарма төрағасы лауазымындағы Ульф Вокурка кірді.

«Мен үшін бұл үлкен құрмет әрі жаңадан даму кезеңінде елдің жүйеқұрушы банктің бірінде Директорлар кеңесін басқару үлкен кәсібилікті қажет етеді. Мемлекеттің қолдауы мен банктің негізгі акционерін алмастыру шаралары банкте жинақталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біздің алдымызда маңызды мақсат-міндет тұр ол - Қазкоммерцбанктің корпоративтік басқару жүйесін халықаралық үздік тәжірибелер мен Halyk Group қағидаттарына сәйкес келтіру және қаржы институты дамуының жаңа стратегиясын жасау», – деді өзі сөзінде  Арман Дунаев мырза.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар