Пәкістан парламенті биліктен қуылған премьер-министр Наваз Шарифтік орнына жаңа үкімет басшысын сайлады. Елдің жаңа премьер-министрі болып Шахид Хакан Аббаси сайланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аббасиді елдің Ұлттық ассамблеясындағы 342 депуттатың 221-і қолдаған. Пәкістан халық партиясынан шыққан Саид Навид 44 дауыс жинаса, «Техрик-и Инсааф» партиясынан шыққан Шейх Рашид Ахмад 33 дауыс жинады.
Шахид Хакан Аббас бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифтің жақтасы. Биліктегі партия оны үкімет басына уақытша сайлады. Ал негізі билікке Наваз Шарифтің інісі Шахбаз Шариф келуі мүмкін. Қазір ол Пенджаб провинциясын басқарып отыр. Дегенмен жаңа басшы үкімет басына біреуге орынды сақтап отыру үшін емес мемлекеттік маңызды істермен айналысу үшін келгенін ашық айтты.
Айта кетейік, 28-ші шілдеде Пәкістанның жоғарғы соты премьер-министр Наваз Шарифті жемқорлық айыбымен биліктен аластатты және оның отбасы мүшелерінің де үстінен қылмыстық іс қозғаған.
Пікір қалдыру