Мақсат Сқақов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170802190117949_small.jpg

Маңғыстау облысына Ералы Тоғжанов әкім болып барды дегенде бір қуанғанбыз. Бүгін облыс әкімі екі бірдей орынбасарын тағайындады. Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы тағайындалса, облысы әкімінің тағы бір орынбасары болып Сакеев Руслан Кенесарыұлы тағайындалды.

Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы туған. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған.

Мақсат Нұрлыбекұлы бір саланың басын ғана ұстап, кабинетінде бұйығы күн кешіретін шенеуніктерден емес. Және бір саланың ғана маманы болып қатып қалған жоқ. «Болашақ» бағдарламасының жемісін көрсеткен түлектердің бірі болды. Ол қазақ қоғамына талайдан таныс. Елбасының өзін тәнті еткен шешендігі бар. Тілге деген жанашырлығы бар. Ол мемлекеттің жоғары басқару органдарының бәрінде дерліктей қызмет атқарды. Масқат Сқақов қазақ халқының бірлігі мен тұтастығын сақтаудың маңыздылығын баса айтып жүрген азаматтардың бірі. Ел мен Елбасының алқауына бөленген азаматтың жаңа қызметіне тек қана табыс тілейміз.

Нұрғали Нұртай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар