Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ақын Алмас Ахметбекұлымен кездесу өтті. Кездесуге күллі қазақтың жүрегінен орын алған "Көк тудың желбірегені" әні арқау болды. Ақын өлең оқыды, студенттер ойларымен бөлісті, ару қыздар мың бұралып биге басты. Алмас Ахметбекұлы ән авторы Ермұрат Зейіпханұлы туралы жүрекжарды естелігін айтты. Белгілі күйші Еркін Ерген мырза әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй тартты. Университет басшылығы жастарды отансүйгіштікке шақыратын мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұратынын айтып тарасты.





