АҚШ азаматтарына Солтүстік Кореяға баруға тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170803102317427_small.jpg

АҚШ азаматтарына Солтүстік Кореяға баруға тыйым салды. Мемлекеттік департамент мәлімдемесіне сәйкес, тыйым салу туралы заң күшіне 1 қыркүйек күні енеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. КХДР аумағында жүрген америкалықтар сол уақытқа дейін елден кетулері керек.

Америка билігі аталмыш шешімді қабылдау барысында Солтүстік Кореяға баратын америкалық туристердің «ұзақ бөгелу» қаупін ескерген. Ал тыйым салу туралы заң журналистер мен гуманитарлық қызметкерлерге арналмаған.

Оның үстіне, мемлекеттік департамент Пхеньянның АҚШ аумағына дейін жететінін континент аралық баллистикалық зымырандарын сынау барысын да ескерді.

Бүгінде Солтүстік Корея түрмелерінде  Американың 3 азаматы тұтқында отыр – екі ғалым мен дін уағыздаушы. Ал Отто Вармбиер есімді америкалық студент жалған айып тағылып Солтүстік Кореяда 15 жылға мәжбүрлі еңбекке тартылған. Маусымда ауыр халде АҚШ-қа жеткізілді, бірнеше күн өткен соң қаза тапты. Ауыр халге түсуінің себебі белгісіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар