Алматы әуежайы жүктердің қозғалысын бақылайтын жаңа жүйені енгізді

/uploads/thumbnail/20170803121030178_small.jpg

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ жүктердің қозғалысын бақылаудың жаңа жүйесін енгізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің басшысы Анатолий Юзефовичтің айтуынша, бұл жүйе қазір тестілік режімде жұмыс жасап тұр.

Айта кету керек, бұған дейін жүкті әуежай қызметкерлері өздері жайғастыратын. Сондай-ақ, багаждың қайда бара жатқанын анықтау мүмкін емес еді.

«11 шілдеден бастап жүйе тестілік режімде жұмыс жасап тұр. Осы уақыт аралығында белгілі бір ақаулар болса жөндеп жатырмыз. Біздермен 25 әуе компаниясы жұмыс жасайды. Әр компаниямен олардың тіркеу нөмірі мен BRS (Bag Reconciliation System) жүйесінің сәйкестігін тексеріп, келген телеграммаларды өңдеп жатырмыз», - деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің басшысы Анатолий Юзефович.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Фэйсбуктегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, BRS (Bag Reconciliation System)  жүйесі тіркелген жүктердің  ұшақ бортына енуін бақылап отырады. Жаңа жүйе жүктердің жоғалуын азайтып, әуежайдағы жүк жеткізу жұмысын жеделдетуге септігін тигізбек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар