Елордалық оқушы xалықаралық олимпиада жүлдегері атанды

/uploads/thumbnail/20170803152341541_small.jpg
Астаналық оқушы xалықаралық олимпиада жүлдегері атанды деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

28 шілде - 4 тамыз аралығында Тегеранда информатика бойынша (IOI-2017) 29-шы Халықаралық олимпиада өткен болатын.

Әлемнің 84 елінен келетін мектеп командалары ең үздіктер атағы үшін өзара сайысқа түседі. Қазақстаннан олипиадаға қатысу үшін Тегеранға 4 оқушы аттанады. Олардың біреуі – елорданың лицей-интернатының оқушысы Санжар Бидайбек жарыстың қола жүлдесінің иегері атанып үлгерді.  

Халықаралық олимпиада (IOI-2017) -  әлем елдерінің жоғары сынып оқушылары арасында информатика бойынша жыл сайын өткізілетін халықаралық байқау.

Олимпиаданың 3 міндеті -  бағдарламалау тілінде бағдарламалар (C, C++, Pascal және Java),  оны шығаруға 5 сағат беріледі. Әр тапсырма проблемалық талдаудан, алгоритмдерді және мәліметтер құрылымын әзірлеу, бағдарламаны әзірлеп оны тексеру сынды кезеңдерден  тұрады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар