Алматыда «Open Almаty» жүйесі жүзеге асырылып жатыр

/uploads/thumbnail/20170803152019832_small.jpg

Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы пайда болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Енді алматылықтар қаладағы көшелер мен тротуарларда, арықтар мен жылу жүйелерінде жөндеу жұмыстары қашан, қай жерлерде жүргізілетінін алдын ала білетін болады. Айта кетейік, қалада «Open Almаty» жүйесі жүзеге асырылып жатыр.

«Қала тұрғындары қай аулада, қай мекенжайда жөндеу жұмыстары жүретінін біле алады. Бұл бөлімдегі ақпараттар жаңарып отырады. Жақын уақытта аялдама кешендерін орналастыру бойынша ақпарат және ПИК картасын саламыз», дейді «Open Almaty» жобасының ресми өкілі Еркебұлан Кенжеболатов.

Естеріңізге сала кетсек, мамаыр айында "Алматылықтар қала билігімен интерактивті тақта арқылы байланысатын болады" деген ақпарат тараған болатын. 

Smart City тұжырымдамасын іске асыру аясында қосылған  «Open Almaty»  жобасы Алматы қаласы тұрғындары, кәсіпорындар мен келушілерге өмірлік жағдайларды шешуге көмектесуге бағытталған.

Сондай-ақ, ашық есік қағидаты бойынша әкімшіліктің халыққа қолжетімділігін арттыра түспек.

Мамандардың айтуынша, бұл қоғамдық қабылдау орталығы бір шаңырақтың астында әкімдіктің қоғамдық қабылдау орталығын, инвесторларға қызмет көрсету орталығын, туристік орталықты, МЖӘ орталығын, әкімшіліктің бірыңғай қоңырау-орталығын, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарайтын құзырлы орган қызметкерлерін біріктіреді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар