Электрбус Алматы тұрғындары мен қонақтарын бастапқыда тегін тасымалдайды

/uploads/thumbnail/20170803162822533_small.jpg

II буындағы электрбус Алматы тұрғындары мен қонақтарын бастапқыда тегін тасымалдайтын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда әлемде баламасы жоқ 18 метрлік электробус жұртшылыққа таныстырылды. Көлікті Германияның Eurobus автоконцерні жасады. Мұндай автобустардың тек алтауы жасап шығарылған, ал алтыншысы Алматыға жеткізілді. 

Бүгін осы модельдегі автобустар Европаның Берлин, Мадрид, Осло, Гамбург қалалары мен қоса Алматыда тестілік сынақтан өткізіліп жатыр.

"Автобустың бұл түрі жеңіл балқытылған каркастан жаңа технология бойынша жасалған, соның арқасында салмағы жеңіл әрі сенімді, жасалуы да тез.18 метрлі автобус әрқайсысы 200 ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдықталған, бір рет зарядталған соң 300 км жол жүреді, орташа уақыты сегіз сағат. Төмен еденді автобус видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған, жолаушылар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған әрі түрлі өңірдегі континенталді климатқа төзімді. Оған 120 жолаушы сияды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеуіл жандар үшін көтергіш те бар. Алматыда автобус қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір туристік бағытта тестілік кесте бойынша жүреді. Автобус жеке инвестордың қаржысына алынған", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметінінің өкілдері. 

FalconEuroBus компаниясының директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Әділхановтың мәліметі бойынша, электрбус келесі аптадан бастап жолға қойылып, жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады. Рәсімдеу процедурасы аяқталғаннан кейін жол жүру бағасы 150 теңгеден қымбат болмайды. Онда "Оңай" жүйесі орнатылмайды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар