Қарағанды облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері шенеуніктерге қатысты істі тергеу жұмытарын жалғасытып келеді.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментін басшысының орынбасары Вадим Магамадов, «Теміртау қаласы білім беру бөлімінің» басшысы Бақшагүл Рахимова, №13 «Кораблик» балабақшасының диреткоры Светлана Ковальскийдің тұтқындалуы хабарланған.
Одан да сорақысы Абай ауданының әкімі болып 1 айдан бері қызмет етіп келе жатқан Димаш Сүлейменовтің қамауға алынады. Сонымен қоса, ММ «Қарағанды қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» басшысы Сабыржан Даутбергенов те жауапқа тартылады.
Қолма қол жарты миллион теңге Димаш Сүлейменовтің көлігінен табылды деп хабарлайды Ratel.kz . Кезекте Қаорағанды қаласы Қазыбекби ауданының әкімінің орынбасары Вадим Гормаковты жемқорлыққа байланысты тексеру үшін арнайы қызметкерлер тағайындалды.
Ол күдіктілер тізімне кірді. Және жас шенеуніктердің ісіне байланысты бұл тізімнің толық емес екені анық.
Даутбергеновтің айналыснда болып жатқан оқиғалар әлдеқайда қызықтырақ.
Бүгінде 300 мың теңге пара алғаны үшін шенеунік тергеу изоляторында отыр. 300 мың теңге оның соңғы парасы ғана, одан бұрынғы жемқорлық бойынша қылмысы қаншама.
Оның кабинетінде неше жасырын камера қойылғаны жайында ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеушілеріне ғана мәлім. Есесіне Даутбергеновпен істес болған қалалық әкімшіліктің өзге де мелмекеттік қызметкерлерінің бойын үрей билей бастады.
Алғыс ретінде ақша ұсынған әрбір азамат күдіктілердің қатарына қосылды. Тұтқын өзінің қылмысқа қатысы барын жеңілдету үшін әр сөзіне аңдап сөйлеп отырған көрінеді.
Ұзынқұлақьардың айтуынша, Даутбергеновпен істес болған, пара берген азаматтар өздері түсіп қалған жазбаларды өшіртуге немесе елден қашып шығуға тырысып жүрген көрінеді.
Алайда, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі басшылығының жемқорлық жібі Қарағандыдағы беделді тұлғалардың біразын жанап өтері хақ. Жақын арада тағы бір адамның тергеу изоляторында отыруы ғажап емес. Даутбергеновтің кабинеті – жемқорлырады ұстап беретін олжа болмақ.
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің жемқорлық өсімі ерекше әдіспен артып келеді.
Әңгіме соңғы айларда орын алған оқиғаларға қатысты: тергеу изоляторында есеп беріп отырған Жезқазған тұрғыны Жұлдыз Қыстауованың жұмбақ өлімі, қылмыс бөлімінің қызметкерлері ұстаған соң гараж маңынан ес-түссіз табылған Мақұдық тұрғыны Ардақ Жұмкешовтің ісі.
Екеуінің де денелерінен соққылардың ізі табылған. Екі жағдай да бірден Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларына тапсырылды.
Ratel.kz порталының хабарлауынша, Қарағанды облысы ІІД басшысы Мергенбай Жаппаровтың басы әбден қатқан сыңайлы. Өте маңызды мәселе бойынша...
Дәл сол уақытта Ішкі істер департаментінде ауыс-түйісулер орын алған. Мәселен, Қарағанды полицейінің Оңтсүтік Шығыстағы бөлімі басшылығы мен Жезқазған ІІБ бастықтары ауысқан.
Ауыс-түйсіулер есірткімен күрес басқармасында да орын алған. ІІД көші-қон қызметінің басшысы да отставкаға шықты.
Тағы бір маңызды ведомство Кавказдан Жезқазғанға келіп есірткі жеткізумен айналысқан азаматқа да байланысты.
Аталмыш іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда полицей қызметкерлері де былыққа батты. Қылмысты ашудың орнына, олар да қылымскерлермен ауыз жаласқан. Яғни, есірткі саудалаушылар оңай құтылған. Құқыққорғау органдарындағы қызметкерлердің «сәулетті саяжайлар мен қымбат көліктері жалақысына алынған» дегенге қалай сенуге болады?
Алайда полицей шенеуніктері істің бекітіліп жатқанын білмеген. Нәтижесінде, Қарағанды облысы ІІД шенеуніктері үлкен қылмыстық істің кейіпкерлері атанып шыға келді. Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр.
Қызметкерлердің бір бөлігі тұтқындалып, тергеу изоляторларында сот күнін күтіп отыр. Өзгелері еркіндікте болғанымен қызметтерінен босатылған.
Ұсталғандардың аты-жөндерін тізіп жазуды Ratel.kz порталы жөн көрмеген. Тізімдегі есімдер ең беделділеріне тән. Алайда бір анық жәйт бар – жемқорлық ошағы үшін жауап беру Қарағанды облысының жаңа әкімі Ерлан Қошанвотың мойнына жүктелді.
Шенеуніктердің көбі биліктегі ауыс-түйісуден гөрі тұтқындалатын күндерін асыға күтетін секілді.
Пікір қалдыру