Вьетнамда жауған нөсер тасқынға ұласты

/uploads/thumbnail/20170804095310090_small.jpg

Вьетнамның солтүстік бөлігінде жауған нөсер соңы тасқынға ұласты. Табиғат апатынан 7 адам қаза тауып, 27-сі  жоғалып кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ru.reuters.com мәліметіне сүйеніп.

Оларды іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 900 маманы жұмылдырылған. Тасқыннан зардап шеккендерге жәрдем беріп, шығын көлемін есептеу үшін үкіметтен арнайы комиссия құрылды.

Айта кетейік, Вьетнамда жауын мен құйындатқан дауыл жиі болады. Табиғаттың тосын мінезінен мұнда жылына жүздеген адам көз жұмады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар