Дубайдағы ең биік ғимараттардың бірі өртке оранды

/uploads/thumbnail/20170804101546644_small.jpg

Әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі, Дубайдағы Torch атты аспан тіреген 79 қабатты тұрғындарға арналған ғимарат өрте оранды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап. Бұл жайында жергілікті газет басылымдарында мәлім болды.

Полиция өкілінің айтуынша, өрт 9-қабаттан басталып, басқа қабаттарға жайылған. Оқиғаның куәгерлері түсіріп алған видеоларда ғимараттың жоғарғы жағы өртеніп жатқандығы көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы да бұл ғимараттан алапат өрт шыққан болатын.

2011 жылы The Torch деген атпен ашылған 348 метрлі аспан тіреген ғимарат әлемдегі ең биік болып саналған еді. Қазіргі таңда ол бесінші орында тұр. Аталмыш ғимарат Дубайдың ең көркем аудандарының бірі Маринада орналасқан, бұл жерде көптеген шетелдіктер тұрақтайды. Өрт 50-қабатта орын алып, қатты желдің салдарынан 10 қабатқа дейін жайылған. Өртті сөндіру барысында ғимараттың тек жоғарғы бөлігін ғана сөндіріп қоймай, одан ұшқан сынықтарды да сөндіріп отыруға тура келген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар