Иса Ақбербаев титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170805115547210_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев Ресей жерінде өткен жекпе-жегінде украиналық Юрий Барашьянді жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Ресейдің Сочи қаласында ауыр салмақта WBA Asia West белбеуі үшін өткен жекпе-жекте 33 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласы украиналық Юрий Барашьянді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

WBA Asia West белбеуі Азия елдері және соларға жақын орналасқан мемлекеттер арасында ойнатылады.

Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста барлығы 20 жекпе-жек өткізді. Оның 19-ында жеңіске жетсе, біреуі өтпей қалды. Ал украиналық 37 жастағы былғары қолғап шебері 28 жекпе-жекте қарсыласынан басым түссе, осымен 10-кездесуінде жеңіліс тапты.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар