«EXPO-2017 Football Cup» турнирінде Ресей құрамасы жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170807082440565_small.jpg

Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өткен «EXPO-2017 Football Cup» турнирінде Ресей құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресей және Әлем құрамасы арасындағы кездесу «Астана Арена» стадионын дүбірге толтырып жіберді. Алғашқы голды өткізіп алғанымен Роман Широков дублімен ресейліктер алға шықты. Венсант Канделяның да екінші голымен екі команда екеуара қос футболшының дублімен алмасқан.

Евгений Алдониннің 12 минуттағы әдемі голы басымдықты тағы көршілерге берді. Үздіктердің арасында есеп айырымы бірінші таймда ұзай қойған жоқ. Алғашқы тайм 3:2 есебімен аяқталды.

Турнирдегі бұл сайысты «дубльдер матчы» деп айтуға болады. Екінші тайм ресейлік Евгений Алдониннің екінші соққан голымен басталды. Артынша Дмитрий Сенниковтың голы есеп айырымын 3-ке дейін жеткізді. Өзара гол алмасқанымен, басымдық көршілес елде қалды. Кездесу Ресей құрамасының пайдасына 7:4 есебімен шешілді.

Ресейліктерден Дмитрий Сельников, Виктор Булатов, Азамат Абдураимов көзге түссе, соңғы голды Әлем құрамасынан Яри Литманен салды.

Айта кетерлігі, Ресейде 2009 жылдан бері әлемдік футбол жұлдыздарының 9 турнирі өткен. Ең қызығы, тоғыз матчта да Ресей құрамасы чемпион атанған.

Еске сала кетсек, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында өткізілген «EXPO-2017 Football Cup» 5 тамызда басталған болатын. Алты команда, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және Әлем құрамалары аталған турнирде өзара бақ сынасты. Қазақстан құрамасы Италия мен Германия құрамалары артқа тастап, төртінші орынға ие болды. Үшінші орын португалиялықтарға бұйырса, екінші орынды Әлем құрамасы иеленді.

Турнирдің жеңімпаз командаларын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев марапаттады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар