Ғаламтор арқылы сатылып жатқан құран кітаптар

/uploads/thumbnail/20170708160141025_small.jpg

   Биссимиллаһир рахманир рахим! Еліміздің Ислам дінінің орыны ерекше. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың да кей тұстары діннің негізінде қалыптасып, хадистердің қамтитын мазмұны тыйым сөздер формасында жеткізіліп отырды. Жаратушыдан жер бетіне жіберілген соңғы пайғамбар Мухаммад с.а.у болса, түсірген қасиетті 4 кітаптың соңғысы осы Фурқан яғни Құран еді. Қазір шүкір, кез-келген өзін мұсылман санаған момынның қасиетті кітапты қаражатына сатып алуға шамасы жетеді. Ұзаса теңгемізбен 2-3 мыңдай болып қалады. Жақында  ойлмаған жерден ғаламтордан мынандай жарнамаға көзіп түсіп кетті. Қарасам, Құран кітаптың ежелгі басылымы мен  ғалымдардың қолжасбасы күйінде жеткен нұсқасы болып шықты. Олар міне, төмендегідей:

 Бұл хижра жыл санағы бойынша 1245 жылдан қолжазба күйінде жеткен нұсқасы. Сатылымдағы бағасы 16 000 АҚШ доллары. Жарнама иесіне хабрласып көргенімізде бұл кітапты Сауд Арабиясынан саудалапты. Қазіргі сомасынан  екі есеге арзан бағада. Негізі мақсаты сату үшін әкелген екен. Кітапты сатылымға шығарған Рамиль есімді жігіт.

 

 Бұл кітап хижра жыл санағы бойынша 1103 жылы яғни 1692 жылы жазылған кітап. Парақтары былғарыдан жасалып, жан-жағы алтындатылған екен.  Сатылымдағы бағасы 250 000 АҚШ доллары

 

Бұл григориан күнтізбесі бойынща 1808 жылы шыққан кітап. Қайта өңдеуден өткен. Кітапты шығаруға 3 шебер жұмыс істеген. Сатылым бағасы 250 000 АҚШ доллары.

 

 Бұл кітап ХVІ ғасырға тиесілі құнды мұра. Мұқабасы былғары, өңделмеген, өңдеуден өтсе бағасы да өседі деп жазып қойыпты. Сатылымдағы бағасы 4 400 000 тг. Бұл үш жарнаманың иесі Мақсат есімді жігіт.

 

Бұл кітаптың нақты жарыққа шыққан жылы берілмеген. Ұстынына қарап 1-2 ғасырлық тарихы бар екенін болжауға болады. Сатылым бағасы 100 000 АҚШ доллары. Сатушы Сағадат есімді жігіт. Айтуы бойынша ата-бабасынан келе жатқан жәдігер екен.  Хабарласып сұрағанымызда « оны ешкім оқи алмайды бізден, сол үшін сатып отырмыз» деген жауап алдық.

 

Бұл кітап ХVІІ ғасырда шыққан кітап. Сатушы Сұлтан есімді жігіт. Өкінішке орай, кітап құнын айтпапты.

Міне, ғаламтор бетіндегі ғаламаттар осы болды. Қасиетті,  құнды кітаптың құны да жоғары екенін көрдік. Қалтасы көтерер кісілердің ғана мүмкіндігі бар тарихи жәдігер. Ниетіміз  оң болса құранды қай нұсқадан оқысақ та иншаалла алар саубымыз бірдей болмақ. Мынадай қасиетті тарихи жәдігердің тек үйге көрік берер жиһаз болып қалмаса жарады.

Орынбасар Бақытбеков

Қатысты Мақалалар