Кіші технологиялық компаниялар 2 жылда 35%-ға өсті. Алайда кредит саласы қысқарып келеді. Бір жылда 24%, үш жылда екі есеге қысқарған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары технологиялы компаниялар – Қазақстанның жаңа экономикасын құрудағы басты драйвер. Десек те, отандық IT саласының мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік жоқ.
Жоғары қарқынмен өсіп келген салаға жергілікті қаржы агенттіктері көп назар салмай отыр. Инвесторлар жаңа технологияның дамуына қаржыны көптеп салатын болады.
Gartnerдің болжамына сәйкес, 2017 жылы It саласына кеткен шығын 2016 жылмен салыстырғанда 2,4% артады.
Қазақстандық нарықта да сұраныс бар. Нарықтың мықты қатысушылар саны артып келеді. Соңғы екі жылда белсенді IT-компания 35% артты. 2012-2014 жылдар аралығындағы көрсеткішке назар аударсақ, апарат пен байланыс кіші кәсіпорындарының саны 4,9% көбейді. Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген 66,5% аталмыш кәсіпорындардың барлығы белсенді жұмыс атқарып келеді. Өткен бес жылмен салыстырғанда, бұл – өте жақсы көрсеткіш.
Жергілікті қаржы институттарының қарым-қатынасы мен қолдауы – кредиттердің көбею қарқынын көрсетеді.
Қазір банктердің ақпарат және байланыс саласындағы кәсіпорындарға берген қарыз алу мөлшері – 10,9 миллиард теңгені құрайды.
Десек те, кредиттеу саласы соңғы 3 жылдың ішінде екі есеге қысқарды. Соңғы жылда кредиттердің соммасы 24% қысқарды.
Пікір қалдыру