Онсыз да қытай билігінен зардап шегіп келе жатқан ұйғыр халқының ендігі тілі де сөнудің сәл алдында тұр. Синьцзян-Ұйғыр автономиясының билігі аудандағы мектепке дейінгі орталықтар мен орта мектептерде ұйғыр тілінің оқытылуына тыйым салды. Бұл туралы yenicag.ru порталы хабарлайды.
Билік 56 кіші ұлттарды мойындағанына қарамастан, елде «гомогенді» қоғам қалыптастыруға тырысып бағуда. Сондай-ақ өзге ұлттардың, оның ішінде түркі тілді ұйғырлардың мәдениетін тас-талқан етуді көздеп отыр.
Деректерге сәйкес, мектеп бағдарламасында ұйғыр тілін оқытуға тыйым салу туралы үкімді Хотан провинциясының білім беру органдары шығарған.
Құжатта көрсетілгендей, мектептерде бір тілді дәріптеуді талап ету керек. Күзде оқу жылы басталған уақытта қытай тілі бастауыш сыныптарға және орта сыныптарға оқытылатындай бағдарлама дайын тұру керек.
Осы уақытқа ҚХР ұйғырлардың құндылықтарын жоюға тырысып келді. Мәселен, мұсылмандықтан айырмақ болды. Ұйғырлар өз балаларына мұсылман есімін бере алмайтын халге жетті. Сондай-ақ, Рамазан айында күндіз тамақтанудан бас тартуға қытайлық ұйғырлардың қақы жоқ еді.
Ресми дерекке сүйенсек, ауданда 10 миллионға жуық ұйғырлар өмір сүретін көрінеді.
Пікір қалдыру