Қатты суықтан халық жапа шегуде

/uploads/thumbnail/20170708160151751_small.jpg

Павлодар облысы аумағында 30 жүргінші қар қамағында қалды.

Астана-Семей бағытында жылжыған Mersedes маркалы автобусы, Екібастұз-Шідерті бағытында қатынайтын рейстік автобус Байет аулының тұсында жол жиегіне шығып кеткен. Көлік салонында болған 20 жолаушыны эвакуациялауға Екібастұз қаласынан арнайы автобус жөнелтілген.

Соңын ала сол күре жолда ауыр жүк көлігі мен Niva Chevrolet маркалы салонда 4 жолаушы болған жеңіл көлік оппа қарға батып қалған. Құтқарушылар көмегімен қос көлікте апатты жағдайдан шығып, әрі қарайғы сапарын жалғастырған.

Павлодар-Ақтоғай трассасында төрт жолаушы мен бір жасқа толмаған нәрестеге құтқарушылар қолын созған. Тағы 3 жолаушы Павлодар-Екібастұз бағытында қалың қардың құрсауында қалған. Құтқарушылар бригадасы дер кезінде жетіп көмек қолын созып, жолаушыларды үсіктен аман алып қалған.

Қатысты Мақалалар