Германияда террористік қауіптің ең жоғарғы деңгейі белгіленді

/uploads/thumbnail/20170818174759820_small.jpg

«Барселонада орын алған жағдайдан кейін Германияда террористік қауіптің ең жоғарғы деңгейі белгіленді. Бұл жайында Берлинде өткен брифингте ІІМ өкілі Йоханнес Димрот мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

«Қауіп деңгейі өте жоғары, кешегі болған жағдайға дейін де жоғары деңгейде еді», – дейді Димрот. Сонымен қатар, Германиямен тікелей байланыстың жоқ екендігін де атап өтті.

«Тергеу жұмыстары өте қарқынды жүріп жатқандығын айтып өткім келеді», – деді Йоханнес Димрот.

Естеріңізге сала кетсек, Барселонада Рамбла көшесінде күндіз жүк көлігі бір топ туристерді басып өткен. Полиция қызметкерлері, мұны теракт деп атады. ДАИШ террористік тобы аталмыш іске қатысты жауапкершілікті өз мойнына алған болатын. Теракт салдарынан 14 адам қаза тауып, 100-ден аса адам түрлі жарақат алған.

Қатысты Мақалалар