«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 60 жаңа жоба жүзеге асырылуда

/uploads/thumbnail/20170822164639629_small.jpg

Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 12,4 млрд. теңге бөлінді және қаражат игерілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылға бөлінген инвестиция көлемі - 3,9 млрд. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 3,6 млрд. теңге, несиелерді кепілдендіруге - 258,0 млн. теңге және гранттарға – 128,0 млн. теңге.

Бағдарлама аясында 2017 жылдың басынан 60 жоба мақұлданды.

Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 58 жоба, екінші деңгейлі банк арқылы несие желісіне - 10864,2 млн. теңге және жалпы сомасы 5,5 млн. теңгеге өндірістік индустриалды инфрақұрылымға – 2 жоба.

Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады, 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 19 534 қызмет көрсетілді, оның 85 пайызы - орта және шағын бизнес субъектілеріне кеңес беру.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасын іске асырудан бастап 126 738 млн. теңгеге 733 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 614 жоба, несиелік желі - 121 761 млн . теңге;

- несиелерді кепілдендіру бойынша – 152 жоба, кепілдендіру сомасы 861,9 млн. теңге; (несие портфелі бойынша Астана өңірлер арасында 1-ші орынға ие);

- Өндірістік инфрақұрылым - 3 108,0 млн. теңгеге 39 жоба (электр қуатымен жабдықтау, жолдарды жөндеу, кәріз жүйесі, сумен қамтамасыз ету, паротас жолын ауыстыру және т.б.);

- Грант аясында 230,0 млн. теңгеге 80 жоба мақұлданды

Нәтижесінде қала кәсіпорындарында 8 мыңнан астам жұмыс орны және жаңадан құрылған 5 мың жұмыс орны сақталды, бюджетке 16 млрд. теңге көлемінде салық төлемдері түсті.

Қатысты Мақалалар