АҚШ-та жаңа Orion ғарыш кемесі сыналды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Канаверал мүйісінде мамандар бірқатар аппараттарды сынақтан өткізді.
Алғашында электр қуат беру борттық блогы сыналды. Олардың компьютерлік жүйелері мен орнатылған бағдарламалары қаралды.
NASA-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы Orion ұшқышсыз ұшағы Ай айналасына 2019 жылы жақындайды. NASA-ның пікірінше, аталмыш ғарыш кемесімен 2030 жылдың орта шегінде адамның алғаш Марсқа ұшуы орындалады.