АҚШ президенті Дональд Трамп террористермен күресті үдету үшін Ауғанстандағы америкалық әскердің қатарын кеңейту керек екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Террористер мен Ауғанстан бойынша зорлық-зомбылықтың алды болып отырған қылмыстық әрекеттерге соққы жасау үшін біз америкалық Қарулы күштердің өкілеттілігін кеңейтеміз», – деді АҚШ басшысы.
Сондай-ақ, америкалық әскерлерді Ауғанстаннан шығаруды құптамайтынын, ондай жағдай террористер үшін ұтымды екенін мәлімдеді.
Бұдан бұрын Дональд Трамп Ауғанстанға 4 мың америкалық әскер жібергені хабарланған. Ал ресейлік саясаткер Кабулов АҚШ Қарулы күштері қанша тырысқанымен террористердің саны керісінше көбейе түскенін айтқан.