Ұрылардың Kaspi Bank бөлімшесінен қанша ақша ұрлап кеткені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170823085930797_small.jpg

Алматы облысы, Талғардағы Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуыл кезінде 60 млн. теңгені ұрлап кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі time.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ұрылар банкте бір сағат бұрын инкассация жүргізілгенін білген. Ұрылар ғимаратқа шатырдан еніп, банк қызметкерлеріне шабуылдаған.

Мәліметтерге сүйенсек, ұрылар 75 мың долларды, 36 миллион теңгені, 120 мың рубльді және 3 мың еуроны көтеріп кеткен.

Айта кетейік, кеше Алматы Облысы Талғар қаласы Қонаев көшесінде сағат 9:20 шамаларында  белгісіз адамдар Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. 

Қатысты Мақалалар