Соңғы үш-төрт күнде Қостанай облысының бірқатар ауданында құрғақ шөптің өртенуіне қатысты бірнеше факті тіркелді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өткен жексенбі күні Мендіқара ауданында 32 га аумақта қамыс өртенді. Дәл осы күні кешке Денисов ауданының Покров ауылдық округінде 0,5 га құрғақ шөп отқа оранды. Қамысты ауданына қарасты Ливанов ауылында да 35 га аумақтағы шөпті өрт шарпыды. Ал кеше кешке Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылы маңында құрғақ шөп жалындады.
Дала өрттерін сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД аудандық бөлімдерінің күштері мен құралдары тартылды, сондай-ақ, ауылдық жерлердегі ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды.