Өзбекстан президенті жеке Instagram парақшасын ашты

/uploads/thumbnail/20170823141924887_small.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның Facebook, Twitter, Instagram, Youtube желілерінде аккаунты және Telegram-каналы бар екен. Президенттің Facebook-тегі парақшасында оның басқа әлеуметтік желілердегі аккаунттарының ресми парақшаларына сілтемесі бар.

Instagram-ға алғашқы сурет 10 тамыз күні салынған. Қазір әлеуметтік желіде 36 сурет бар, парақшаның өзіне 13,8 мың адам жазылған.

Ал 19 тамызда ашылған Telegram каналында 4375 адам жазылған. Ақпараттың барлығы орысша және өзбекше шығады.

Қатысты Мақалалар