Қазақстанда қылмыстық процесті реформалау аясында сотқа дейінгі тергеу органдарының атқарған әрекеттерімен азаматтарды хабарлау міндеттелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жоғарғы сот судьясы Ербол Рахымбеков өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың деңгейін жоғарылату мақсатында ендігіден бастап белгілі бір азаматқа қатысты тергеу әрекеттері жүргізілетін болса, ол өзі турасында қозғалған, жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері мәліметтерін біліп отыруға құқылы. Соның ішінде телефон тыңдалу мәселесі деп атап көрсетілді.
Оның хабарлауынша, қылмыстық процесті реформалау шаралары 6 тәсіл бойынша жүзеге асады.
«Қазіргі уақытта Жоғарғы Сот өкілдерімен аталған заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада көпшіліктің назарына ұсынылатын болады»-деп жазады Ербол Рахымбеков.