Астанада генерал И.В.Панфиловтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

/uploads/thumbnail/20170823172245838_small.jpg

Бүгін Астанадағы Мәскеу күндері аясында «Жерұйық» саябағында Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтің ескерткішіне және «28 панфиловшы» монументіне гүл қою рәсімі өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Мәскеулік делегацияны Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин  басқарды. Панфиловшыларға құрмет көрсетіп, рухына тағзым етуге келгендердің қатарында Мәскеу мемлекеттік думасының депутаттары, халықаралық және өңіраралық қатынастар ведомствосының басшылары, сондай-ақ ТМД елдері бойынша өзара әрекет жөніндегі мамандар бар.

Астана әкімдігін «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсенбаев, Сыртқы саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов және Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин таныстырды.

Тараптар шараның маңыздылығын атап өтіп, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету – Астанадағы Мәскеу күндерінің аясында өткізілетін мәдени шаралардың бір бөлігі. 

Қатысты Мақалалар